08 қаңтар 2022 15:18

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде бір бала қайтыс болды - Аружан Саин

Балалар омбудсмені Аружан Саин 5 қаңтарда Алматыда бір бала оқ тиіп қаза болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар омбудсмені Аружан Саин 5 қаңтарда Алматыда бір бала оқ тиіп қаза болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аружан Саинның сөзінше, 11 жастағы қазақстандыққа оқ тиген кезде ата-анасы сыртта жүрген. 

Сонымен қатар, Саинның мәліметінше, 7 қаңтарда Алматыдағы балалар ауруханасының біріне ауыр жарақаттармен 15 жастағы бала түскен, бүгінде дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Зардап шеккен жасөспірім әкесімен көлікте келе жатқан.

Реклама
Реклама

"Мен ата-аналар мен ересек адамдарға үндеу жасаймын - өтініш, балаларды байқаңыздар! Үйде отырыңыздар! Терезеге жақындамаңыздар! Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар! Қажет болған жағдайда БҒМ байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар: +7 7172 74 25 28, +7 7761 70 73 83, +7 777 183 65 67, +7 701 378 66 29. Із-түссіз жоғалған балалар бойынша 1414 нөміріне хабарласыңыздар", - деді омбудсмен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram