24 қаңтар 2022 | 08:52

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы ПД қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздеуге арналған байланыс орталығының нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы ПД қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздеуге арналған байланыс орталығының нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтарға тергеу изоляторларында отырған адамдар және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін call-орталыққа жүгінуге болады. Call-орталыққа адвокаттар да хабарласа алады.

"Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылданып жатқанына сендіргім келеді. Бәрі сот санкциясы бойынша ұсталғанын айтқым келеді. Сондықтан "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда азаматтар прокуратура органдарына заң шеңберінде жүгіне алады", - деп жазды Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД нөмірі: +7(727)290-19-01.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная