Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты: зардап шеккендер саны артты

Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тепловоз бен автобус соқтығысып, салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тепловоз бен автобус соқтығысып, салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқыс оқиғадан жеті адам зардап шеккен. Бұған дейін алты адам туралы хабарланған болатын. 80 жастағы науқас қабырғалары мен білегі сынып, Қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызыған. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.

"Зардап шеккен бес адамға қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіліп, мамандар тексергеннен кейін шұғыл госпитализация қажет болмады. Олар тіркелген емханаларына амбулаторлық бақылауға жіберілді", – деп хабарлады дәрігерлер.

Реклама
Реклама

Тағы бір зардап шеккен адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр.

Еске салайық, тепловоз бен жолаушылар автобусының соқтығысуы Әуезов көшесінде, Гоголь қиылысына жақын жерде болған. 88-маршруттағы автобус теміржол бойымен батысқа қарай қозғалып бара жатқан тепловозбен соқтығысқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама