Алматыда толассыз жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап мерт болды

Алматыда толассыз жаңбыр кезінде ер адам арыққа құлап мерт болды Фото © Tengrinews.kz

Алматыда арыққа құлаған ер адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиға кезінде ол мас болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда арыққа құлаған ер адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиға кезінде ол мас болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін желіде жазатайым оқиға туралы ақпарат тараған еді. Арықтан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, оны құбырға тартып кеткен. Арықты тазартуға келген коммуналдық қызмет өкілдері қоқыс орнына мәйітті тапқаны айтылды.

Желідегі ақпаратта ер адам мас күйде жаңбыр кезінде арыққа құлап кеткені жазылған.

Реклама
Реклама

Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Ер адам мас күйінде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткені анықталды. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама