ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2017 | 10:24
Алматыда төрт күн бұрын жоғалған қыз әлі табылмай жатыр
Алматыда 5 қазанда үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 5 қазанда үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздың туыстарының айтуынша, 28 жастағы Айжан Кенжеқараеваны соңғы рет Алматыдағы 1-ші теміржол вокзалының маңынан көргендер болған. "Соңғы телефон қоңырауы 6 қазанда сағат 13.00-де болған, телефон түнгі 23.00-ге дейін қосулы болған, одан кейін байланыс үзілген. Содан бері оралмады, біз полицияға хабар бердік", - деді әпкесі Әлия Кенжеқараева.
Айжан Кенжеқараева. Туыстары жолдаған суреттер
Келіншек қою сары күрте, қара шалбар және қоңыр түсті аяқ киім киген. Құжаты, әмияны және сөмкесі болған.
Белгілері: шашы қара, қоңыр көзді, қолында және иегінде тыртығы бар, эпилепсиясы бар. Туыстары қыз жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 87777160201 және 87016744400 немесе 102.
Показать комментарии
Читайте также