02 сәуір 2020 17:10

Алматыда Toyota блокбекетті соғып өтті: полицей ауруханаға жеткізілді

Алматыда Toyota жүргізушісі Алатау ауданы Көксай ауылының маңындағы блокбекетті соғып өтіп, салдарынан полицей зардап шеккен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Toyota жүргізушісі Алатау ауданы Көксай ауылының маңындағы блокбекетті соғып өтіп, салдарынан полицей зардап шеккен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты сағат 15.00-де болған. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының 1970 жылғы тұрғыны Toyota Ipsum көлігімен келе жатып, №4 блокбекетке барып соғылған.

Реклама
Реклама

Артынша сол маңда тұрған Kia маркалы полиция көлігін соғып, кейін Lada priora мен Toyota Camry көліктеріне барып соғылған. Қызметтік көлікте отырған полицей Мереке Отарғазы жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте мас жүргізуші отырған. Одан сараптама алынады. Бұл жағдайда бірнеше ведомствоның өкілдері жауап береді", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram