03 қаңтар 2021 11:20

Алматыда Toyota Camry 70 көлігінің мас жүргізушісі жол апатына ұшырады

Алматыда Toyota Camry 70 көлігінің мас жүргізушісі түнгі уақытта металл қақпаға барып соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Toyota Camry 70 көлігінің мас жүргізушісі түнгі уақытта металл қақпаға барып соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жол апатынан екі жолаушы зардап шекті.

Реклама
Реклама

Бұл оқиға 3 қаңтарда шамамен сағат 02.50-де болған.

"1998 жылғы А. есімді жүргізуші мас күйде Toyota Camry 70 тізгінін басқарып кележатып, әл-Фараби даңғылында батыс бағытта көлік тізгініне ие бола алмай, металл қақпаға барып соғылған", - деді полициядағылар.

"Қазіргі уақытта бұл дерекпен Бостандық аудандық полиция басқармасының өкілдері айналысып жатыр", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram