Алматыда түн ортасында алапат өрт болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда түн ортасында алапат өрт болды

Алматы тұрғындарын түн ортасында қаланың шағын аудандарының бірінде болған алапат өрт шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындарын түн ортасында қаланың шағын аудандарының бірінде болған алапат өрт шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 қарашаға қараған түні Бостандық ауданы Радостовец көшесінде екі қабатты ғимарат өртенген. Өрттің күшті болғаны соншалық - жалын шамамен 10 метрге биікке жеткен. Ал өрт сөндіруге келген өрт сөндіру көліктерінің сирена дыбысы жақын маңдағы үй тұрғындарын оятқан.

Жарнама
Жарнама

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт екі қабатты, қараусыз қалған ғимаратта, жалпы аумағы 180 шаршы метр жерде болған.

"Өрт 00.04-те ауыздықталып, 00.31-де сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомстводан.

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама