Алматыда тұрғын үй ауласында шу шығарып, тұрақтағы көліктерді тепкендер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда 27 қарашаға қараған түні "Ақсай-3" ықшамауданында бұзақылық жасаған екі тұрғын ұсталып, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 27 қарашаға қараған түні "Ақсай-3" ықшамауданында бұзақылық жасаған екі тұрғын ұсталып, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 23-көпқабатты үйдің ауласында мас тұрғындар тұрақта тұрған көліктерді теуіп жатқан видео тарады. Олардың әрекетін куәгер видеоға түсіріп алған.

"Олар бүкіл ауланы басына көтеріп айғайлады, сондықтан ескерту жасауға бардым және олардың жеке басын анықтайын дедім... содан кейін олардың бірі үлкен тасты алып, артымнан жүгірді...", - дейді оқиға куәгері.

Реклама
Реклама

Сенбі, 27 қарашада бұзақылар ұсталды. Олар Түркістан облысының тумасы, 1994 жылы туған Әбішев Ақылбек Жабайұлы және Жамбыл облысының тумасы, 1994 жылы туған Өзгенбай Данияр Қуандыұлы болып шықты.

Ұсталғандар жасаған әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраған.

Жексенбі, 28 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушылар жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама