ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2020 | 09:51
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық ТЖД мәліметтері бойынша, 15 мамыр күні сағат 23.44-те ТЖД күштері өрт туралы хабарлама түскен Абай даңғылы 150/230, "Гауһартас" тұрғын үй кешеніне шыққан.
"Өртсөндірушілер алты минутта келді, ол кезде 17 қабатты ТК-нің 11-ші қабатындағы пәтер жанып жатты. Түтін қатты шыққандықтан жоғарғы қабаттағы тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрды. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін АЛ-37 өрт сөндіру автосатысы ашылды. 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру кезінде 101 пультіне №154 пәтер тұрғыны көмек сұрап, қоңырау шалды. Оның қоңырау арқасында өртсөндірушілер екі ересек және екі баланың өмірін сақтап қалды.
30 шаршы метрді шарпыған өрт жарты сағатта, 00.22-де сөндірілді. Ақпарат бойынша, үш бөлмелі пәтерде үй заттары мен жиһаз жанған.
Өрт сөндіру жұмыстарына 70 адам, 18 дана техника, сондай-ақ Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері жұмылды.
"Айта кету керек, тұрғын үй кешеніне тіркелген жеке автомобильдер өрт сөндіру техникасының кіруіне кедергі келтірген. "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары болмағанда, зардап шеккендер болуы мүмкін еді. Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл қызметтердің жолына кедергі жасамауды сұрайды. Адам өмірі олардың қолында", - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Департамент по чс г.Алматы (@almaty_tjd) 15 Май 2020 в 11:04 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также