06 тамыз 2021 | 14:56

Алматыда тұрғын үй құрылысына байланысты 12 жекеменшік үй сусыз қалған

Фото: elements.envato.com

Алматыда Горный Гигант ықшам ауданындағы жекеменшік үй тұрғындары құрылыс жұмыстарына байланысты бірнеше күн ауыз сусыз отырдық деп шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Горный Гигант ықшам ауданындағы жекеменшік үй тұрғындары құрылыс жұмыстарына байланысты бірнеше күн ауыз сусыз отырдық деп шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай олардың учаскелері "қызыл" жолақта орналасқаннан және Назарбаев даңғылына жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, тұрғын үй кешенінде жүргізілген құрылыс кезінде олар суды қосуды ұмытып кеткен.

"Шамамен бір жарым күн су болған жоқ. Желілер жеке аумақта өзгерді, бірақ бізді айналып өтті. Әрине, болашақта үйлерді алып тастауы мүмкін, бірақ бұл қазір болатын нәрсе емес", - деді жергілікті тұрғын Хамит Хабибулин.

Реклама
Реклама

Сурет: тұрғындар жіберген

"Алматы Су" 5 тамызда сағат 22.00-де жекеменшік үйлерге су беру қалпына келтірілгенін хабарлады. Сумен жабдықтаудың қабаттасуы шынымен салынып жатқан тұрғын үй кешеніне байланысты болған.

"Күні кеше Горный Гигантта құрылыс алаңының астынан шығарылған жаңа желілерді қосу үшін суды бір тәулікке сөндірдік. Осыдан кейін барлық тұрғын сумен қамтамасыз етілді. Бірақ 12 үйде су жоқ. Тексере келе олар ескі құбырдың кішкене бөлігінде қалғаны белгілі болды. Себебі, бұл құжаттарда көрсетілмеген, яғни олар осы учаскеде бар екенін ешкім білмеген. Кеше түнде су берілді. Тұрғындармен сөйлесіп, оларға жағдайды түсіндірдік", - деді "Алматы су" компаниясының өкілі Серік Шагиров.

Шагировтың айтуынша, компанияның міндеті - барлық тұрғынды бір апта ішінде жаңа құбырға қосу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная