09 шілде 2021 | 15:24

Алматыда тұрғын үйдің ыдыраған қасбеті жұрттың үрейін ұшырды

Алматы тұрғындарын шағын аудандардың бірінде көпқабатты үйдің ыдыраған қасбеті шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындарын шағын аудандардың бірінде көпқабатты үйдің ыдыраған қасбеті шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 9 шілдеде таңертең Түрксіб ауданында болған. "Жас Қанат" шағынауданында көпқабатты үйдің қаптамасы ыдырап кеткен. Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланды. Видео кадрларынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті ашылып кеткенін көруге болады.

Сондай-ақ, кадрлардан оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жүргені көрінеді. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін аумақ қоршалған. Үйлердің мемлекеттік бағдарлама бойынша салынғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Шенеуніктер мәліметі бойынша, оқиға туралы шамамен 11.00-де хабар түскен. Оқиға орнына құтқарушылар мен аудан әкімдігінің қызметкерлері жіберілген.

"Тұрғын үй 2015 жылы пайдалануға берілді. Екі кепілдік мерзімі аяқталды. Мамандарды қасбеттің бөліну себептерін тексеру үшін оқиға орнына жібердік. Бұл сапасыз құрылыс немесе техникалық қызмет көрсету салдарынан болуы мүмкін.

Үйдің қасбеті минералды жүнмен, тор және сылақпен қапталған. Қабырға мен қаптама арасына жоғарғы жағынан су кіруі мүмкін. Қазір кім кінәлі екенін анықтау керек: құрылыс салушы "Астана құрылыс" немесе ПИК. Олардың бірі салдарды жояды", - деді Алматы қалалық жайлы орта басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы Олжас Тәжібаев.

Оның айтуынша, мамандар үйдің қасбетін алып тастап, қалпына келтіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная