Алматыда Түркияның 6 азаматы жалған құжаттармен ұсталды

Алматыда Түркияның 6 азаматы жалған құжаттармен ұсталды © cinarinsesi.com

Алматыда Т?ркияны? 6 азаматы жал?ан ??жаттармен ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ??К Шекара ?ызметіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыда Түркияның 6 азаматы жалған құжаттармен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы" шекаралық бақылау бөлімінің жасағы "Тбилиси-Алматы" бағытындағы рейсте Түркия Республикасының 6 азаматын ұстады.

"Олардың тексеріс кезінде көрсеткен құжаттары жалған болып шықты. Ұсталғандардың айтуынша, олар Еуроодақ елдеріне кіру үшін Қазақстан Республикасы аумағын транзит ретінде пайдаланбақшы болған. Осы дерек құқық қорғау органдарының және өзара әрекет етуші органдардың өкілдеріне хабарланды", - делінген ведомство хабарламасында.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама