20 шілде 2023 12:24

Алматыда ұрының ғашықтардан телефонды алып кеткен сәті видеоға түсіп қалды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
видео кадры

Алматыда қоғамдық орында телефон ұрлығы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық орында телефон ұрлығы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу аудандық полиция басқармасы мәліметінше, ұрлық Райымбек пен Сүйінбай даңғылдары қиылысына жақын маңдағы аллеяда болған.

Реклама
Реклама

"Оқиға таңғы 04:30-да болған. Жастар орындықта отырып, белгісіз біреудің артынан келіп, IPhone телефонын ұрлап кеткенін байқамай қалған. Қылмыскердің ұрлау әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп, қылмысты ашуға көмек болды. Бұл – 33 жастағы С. есімді ер адам болып шықты. Ол ұсталып, ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпараттар таратуға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram