Алматыда үш автобус жол апатына ұшырап, жеті адам зардап шекті

Алматыда үш автобус жол апатына ұшырап, жеті адам зардап шекті © instagram.com/dorogi_almaty_official

Алматыда Абай даңғылында үш автобус жол апатына ұшырап, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Абай даңғылында үш автобус жол апатына ұшырап, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін Сейфуллин даңғылы мен Масанчи көшесі аралығында болған. Барлық үш автобус батыс бағытта келе жатқан.

Салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді.

Жарнама
Жарнама

"Біреуі нейрохирургия бөліміне жеткізілді. Жағдайы қазір тұрақты. Қалғандары үйлеріне амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама