13 ақпан 2024 10:22

Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік жол апатына ұшырады

видео кадры

Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Райымбек даңғылында ірі жол апаты болды. Зардап шеккендер бар екені айтылды.

Реклама
Реклама

"Бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Оқиға дерегін Медеу аудандық ПБ қызметкерлері анықтап жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram