Алматыда үйден кетіп қалған тоғыз жастағы бала жоғалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда үйден кетіп қалған тоғыз жастағы бала жоғалды Сурет: facebook.com

Алматыда 9 жастағы баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 9 жастағы баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде еріктілер оқушының жоғалғаны туралы хабарлады. Гүлнар Агеева 20 қазанға қараған түні ата-анасы ұйықтап жатқанда, бала үйден кеткені туралы хабарлама жариялады.

"Бала қара спорт шалбарын, аю бейнеленген сұр жемпір және қара-жасыл камуфляж өрнегі бар  күрте киген", - делінген баланы іздеу туралы хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Полиция бала әлі табылмағанын растады.

Жоғалған баланы Lider.kz тобының еріктілері де іздеп жатыр. Олардың хабарландыруында баланың Наурызбай батыр, 26/1 (Мақатаев бұрышы) мекенжайындағы үйден шыққаны нақтыланады.

Еске салайық, сәуірде Қостанай облысында 11 жастағы оқушы жоғалып кеткен болатын. Бала келесі күні Қостанайдағы үйлердің бірінің кіреберісіндегі орындықта ұйықтап жатқан жерінен табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама