Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті видео кадры

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 25 наурызда қас қарайған уақытта болған.

"Mitsubishi Delica жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесі қиылысында жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болған еді. Батыс бағытта асқан жылдамдықпен келе жатқан Zeekr қарсы жолаққа шығып кетіп, шығысқа қарай кетіп бара жатқан Mercedes көлігін соққан. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (бірі 22-де, екіншісі 20-дағы қыздар) оқиға орнында мерт болды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полиция істі 345-баптың 4-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Бап санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама