ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 маусым 2022 11:35
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында BMW көлігі бағанаға соғылып, өртеніп кетті
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жеңіл көлік бағанаға соғылып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жеңіл көлік бағанаға соғылып, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі krisp_almaty-парақшасында жарияланды.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 10 маусымда сағат 3.05 шамасында Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан BMW жүргізушісі темір тірекке соғылған.
"Соққыдан көлік қирап, өрт шықты. Оқиға салдарынан BMW көлігінің жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл деректі Бостандық аудандық Полиция бөлімі тергеп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу