22 тамыз 2023 | 11:59

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апаты: 4 бала зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шеккен: 3 ересек адам және 4 бала.

"Бір ересек адам оқиға орнында ауруханаға жатқызудан бас тартты, екеуін жедел жәрдем бригадасы қалалық клиникалық аурухана мен орталық клиникалық ауруханаға жеткізді. Бас жарақатын алып, денесі көгерген. Барлық медициналық тексерулерден кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Төрт бала Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.

"Барлық қажетті медициналық тексерулер жүргізіліп, мамандандырылған мамандар тексерді. Тексеру кезінде бас-ми жарақаты мен нейрохирургиялық патология деректері анықталған жоқ. Барлық 4 науқас жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозымен амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп қосты қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бір күн бұрын бордюр тиелген жүк көлігі Әл-Фараби даңғылының қарсы жолағына шығып кетіп, бірнеше көлікті соққан болатын. Желіде апат сәтінің видеосы пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная