Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апатынан кейін көлік өртеніп, кептеліс пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

25 қарашада таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жаппай жол апаты болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қарашада таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жаппай жол апаты болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Оқырмандар әл-Фараби даңғылындағы жол апатының кадрларын жіберіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, үш көлік соқтығысып, кейін біреуі өртеніп кеткен, зардап шеккендер бар.

Реклама
Реклама

Олардың сөзінше, өртке байланысты кептеліс пайда болған. 2GIS қосымшасындағы деректер мынадай:

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға сағат 7:00-де Бостандық ауданында болған.

"Toyota көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Кейін жолда тоқтап тұрған Lexus-қа Hyundai көлігі келіп соғылған", – деп хабарлады полиция.

Ведомство өкілдері соққыдан кейін Toyota көлігі өртенгенін айтты.

"Апат салдарынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus жүргізушісі дене жарақаттарын алған", – деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама