Алматыдағы Aport Mall-да жарылғыш зат табылмады

Алматыдағы Aport Mall-да жарылғыш зат табылмады Видео кадры

Саперлер Алматыдағы Aport Mall сауда орталығынан бомба таппады. Енді жалған ақпарат таратқан адамдар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саперлер Алматыдағы Aport Mall сауда орталығынан бомба таппады. Енді жалған ақпарат таратқан адамдар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бомба туралы ақпарат жалған болып шыққан. 

"Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақпаратта таратқан адамды іздеу бойынша жедел шара жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы облысы ПД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Алматы маңындағы Aport Mall-да жарылғыш зат ізделіп жатқаны хабарланған болатын. Tengrinews.kz редакциясына жіберілген видеода полиция сиренасының дыбыстары естіледі. Сондай-ақ, ғимараттан шығарылып жатқан адамдар көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама