06 тамыз 2021 | 17:13

Алматыдағы атақты дүкен өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда өртсөндірушілер "Бұлбұл" дүкенінен шыққан өртті дер кезінде сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өртсөндірушілер "Бұлбұл" дүкенінен шыққан өртті дер кезінде сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Малая станица ауданындағы Желмая көшесінде шыққан өрт қалай сөндірілгені түсірілген видео жарияланды. Желі қолданушылары "аңызға айналған" кафе өртеніп жатқаны туралы жазған.

Реклама
Реклама

Алматы ТЖД мәліметінше, Желмая 24 көшесіндегі өрт туралы хабарлама сағат 9.26-да түскен. Бес минуттан кейін өрт бригадасы оқиға орнына барған. Өртсөндірушілер 1 қабатты "Бұлбұл" шағын-маркетінің шатыры өртеніп жатқанын анықтады және жалын дүкенге жапсарлас салынған қосалқы үй-жайдың жалпы ауданы 280 шаршы метр шатырына қауіп төндірген.

Өрт 10.36-да толық жойылды. Өртсөндірушілер ломбардқа, дәріханаға және сусындар дүкеніне, сондай-ақ дүкенмен бір шатырдың астында орналасқан қосалқы үй-жай мен жазғы кафенің өртенуніне жол бермеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Алматы ТЖД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram