12 қараша 2023 | 15:00

Алматыдағы аудандардың бірінде қатты дыбыс естілді: себебі белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданы тұрғындары қатты дыбысты естіді. Мұның себебін оңтүстік астананың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 09:40-та Бостандық ауданындағы "Южная" қазандығында құрал-жабдықтардың тоқтап қалуы және қысқа мерзімді электр қуатының үзілуі тіркелген.

Реклама
Реклама

"№3 су жылыту қазандығында автоматика жұмысында ақау шығып, қалдық газ-ауа қоспасының тұтануы анықталды. Осы себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарс еткен дыбысты естіді", - деп хабарлады басқарма.

10 минуттан кейін сорғы қондырғылары іске қосылды. Жылу желілерінің гидравликалық жұмыс режимі қалпына келтірілді.

"Қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер жоқ", - деп қосты басқарма.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram