27 маусым 2024 10:39

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, зардап шеккен 25 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бөлімше пациенттердің аяқ, қолдары сынғанын, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын хабарлады. Барлығы қажетті ем-дом алатыны айтылды.

"Қалған зардап шеккен адамдар ұсыныстардан кейін тұрғылықты жері бойынша емделуге жіберілді. Медициналық көмекке барлығы 24 адам жүгінген. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенше көз жұмды", - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда жолаушылар мінген автобус ауыр апатқа ұшыраған болатын. Жол апаты Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Автобус ішінен түсірілген видео да жарияланды.

Апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 16-сы жарақат алған. Кейінірек зардап шеккендердің саны 25-ке жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360735/thumb_m/photo_123071.jpeg"
    "title" => "Алматыдағы автобус апаты: ұсталған жүргізуші үйқамаққа шығарылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyidagyi-avtobus-apatyi-ustalgan-jurgzush-uykamakka-360735/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360730/thumb_m/photo_123064.jpeg"
    "title" => "Алматыда дәрігерлер жүрек тамырлары 100 пайызға жуық тарылып кеткен науқасты аман алып қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-dargerler-jurek-tamyirlaryi-100-payyizga-juyik-360730/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360726/thumb_m/photo_123060.jpeg"
    "title" => "Алматыдағы аптап: қанша адам күн өту белгілерімен дәрігерге жүгінген?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyidagyi-aptap-kansha-adam-kun-otu-belglermen-dargerge-360726/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360717/thumb_m/photo_123051.jpeg"
    "title" => "Экология министрлігі Алматыда ауаны кімдер ластайтынын түсіндірді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ekologiya-ministrlg-almatyida-auanyi-kmder-lastaytyinyin-360717/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360711/thumb_m/photo_123044.jpeg"
    "title" => "Алматыда Ходжанов көшесінің бір бөлігі жабылады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-hodjanov-koshesnn-br-bolg-jabyiladyi-360711/amp/"
  ]
]