Алматыдағы бизнес-орталықтан өрт шықты

Видео кадрлары

Алматыдағы бизнес-орталықтан өрт шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы өртке қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы бизнес-орталықтан өрт шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы өртке қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Роликтен әйелдің айғайы естіледі.

"Кәусар" тұрғын үй кешеніндегі бизнес-орталық өртеніп жатыр", - делінген видеода. 

Реклама
Реклама

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің Алмалы ауданында болғанын хабарлады. Ол 15 минуттың ішінде сөндірілген.

"Өрт сөндірушілер сағат 12.27-де Төле би 286/4 мекен-жайына жетті, алты минуттан кейін төртқабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңседе өрт шыққаны анықталды. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері өртте адамдар бар-жоғын тексерді, адамдар табылған жоқ.

Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метр болды. Өрттің жоғарғы қабатқа және көршілес бөлмелерге таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомство қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама