27 шілде 2021 | 10:22

Алматыдағы демалыс орындарының бірінде жалаңаш қыз күнге қыздырынды

Фото: instagram/krisp__almaty

Алматыда күндізгі уақытта, адам көп жиналатын демалыс орындарының бірінде жас қыз барлық киімін шешіп, тек ұятты жерлерін ғана жауып күнге қыздырынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда күндізгі уақытта, адам көп жиналатын демалыс орындарының бірінде жас қыз барлық киімін шешіп, тек ұятты жерлерін ғана жауып күнге қыздырынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күнге қыздырынған ханымның куәгерлер түсірген суреті Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында пайда болды.

Реклама
Реклама


"Жаңа алаңда! Қаннен қаперсіз тыр жалаңаш қыз жатыр. Айналасы толған кішкентай балалар мен жасөспірімдер. Осы суретті көрсе кейіпкер өзін танып ұяла жатар", - деп жазды куәгер.

Айтпақшы, желі қолданушылары бұл спектакльді әзілмен қабылдап, қыздың демалысына кедергі жасамауға шақырды.

"Жата берсін. Сізге қандай кедергі келтірді?"

"Иә, адамдар әйел денесін бірінші рет көріп тұр ғой. Бұл қандай тылсым дүние?".

"Ashiq бассейнге кіргізбеген кезде".

"Міне, адамдардың сен туралы ойын осылай білуге болады", - деп жазады пікір жазушылар.

Қоғамға немқұрайды қарамайтын азаматтардың шақыруымен демалыс орнына тәртіп сақшыларының келгенін хабарлады, Алматы полиция департаменті.

"Әйел Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная