Алматыдағы ХҚКО-лардың бірінде әйел босанып қалды

Алматыдағы ХҚКО-ның бірінде қыз бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.

Алматыдағы ХҚКО-ның бірінде қыз бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты.

Бұл оқиға Жетісу ауданының филиалында өткен. Жүкті әйел өзінің танысымен соның тұрғын үйіне тіркелу үшін келген.

"Ол 12.00-де алдын ала талон алды. 10 минуттан кейін оның толғағы басталған. ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден өз кабинетіне алып, кушеткаға жатқызды. Содан кейін жедел жәрдем шақырдық", - дейді Жұманбай.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жедел жәрдем көлігі келген кезде перзентханаға бару кеш болған. Сағат 12.30-да қыз бала дүниеге келген. Бұл отбасыдағы үшінші бала екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама