ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2022 | 14:46
Алматыдағы жаңа метро бекетінде күтпеген жағдай болды
Алматыдағы жаңа метро бекетінде күтпеген жағдай болды. Метродағы "Сарыарқа" жазуының Р әрпі түсіп қалған. Желіде суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы жаңа метро бекетінде күтпеген жағдай болды. Метродағы "Сарыарқа" жазуының Р әрпі түсіп қалған. Желіде суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы метросының баспасөз қызметі өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Иә, "Сарыарқа" станциясының атауынан бір әріп түсіп қалды. Ол жұмыс күні аяқталған соң және түйіспелі рельстегі қуат ажыратылғаннан кейін қалпына келтірілді. Өйткені жұмыс кезінде түйіспелі рельсте 825 вольт кернеу болады, жолға түсуге тыйым салынады. Айта кетейік, метро пайдаланылған кезде анықталған кемшіліктер кепілдік міндеттеме есебінен ретке келтіріледі", - деді "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі өкілі.
Метрополитеннің негізгі мақсаты - қала тұрғындарын тұрақты және үздіксіз қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бүгінде бұл іске жолаушылар тарапынан ешқандай шағым түспеген.
"Метрополитен қызметі тәулік бойы метро станциялары мен жүйелерінің жағдайын, әсіресе, жаңа станцияларды іске қосқаннан кейін бақылайды. Қазір барлық жүйе штаттық режимде үзіліссіз жұмыс істеп тұр, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіз орындалып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаңа екі станция жолаушы қабылдай бастағаны хабарланған болатын. Салтанатты ашылу 30 мамырда өтті. Жаңа станциялар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также