ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 желтоқсан 2023 12:14
Алматыдағы қонақүйде жезөкшелікпен айналысқан шетелдіктер ұсталды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері интим қызмет көрсеткен қыздарды анықтаған.
"Қонақ үй кешендерінің бірінде интим қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның екі азаматы бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылды. Сонымен қатар ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Еске салайық, 20-30 қараша аралығында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада кең ауқымды "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы өткен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу