ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2020 | 10:30
Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы курсант асылып қалған
Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылды. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылды. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған.
Сол күн ІІМ академиясындағылар Саламаттың ата-анасына қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. 15 желтоқсанда Саламаттың денесі Оралға жеткізілді. 16 желтоқсанда Саламат Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылында жерленді.
Журналистер Саламат Өтегеновтің анасымен сөйлесті. Бекзат Иманғалиева отбасындағы қиындықтар туралы айтып берді. Анасының айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған, оның ішінде қысқы сессияны тапсыруға 80 мың теңге де сұраған кездер болыпты.
Кейін 2019 жылдың қыркүйегінде екінші курс басталды. Ата-аналар Саламаттың микроқаржы ұйымынан несие алғанын білген. Олар қарызды жауып тастаған, бірақ оның неге қарыз алғаны туралы ойлана бастаған. Саламат жауап ретінде ата-анасын тағы да мазаламайтынын және олардан ақша сұрағысы келмейтінін айтып, сондықтан да микрокредиттік ұйымнан ақша алғанын айтып түсіндірген.
"Біз оның бұл несиесін жауып бердік, оның не үшін ақша алатынын сұрадық. Ол бізге "Мама, бұл мен ғана емес - барлық бала осы жақтан ақша алады" деп жауап берді. Ол ақшаны не үшін алғанын түсіндірмеді, бірақ "Апа, сіз түсінбейсіз. Казармалық жүйеде бір нәрсе үшін үнемі ақы төлеуге тура келеді" деді", - деп есіне алды марқұмның анасы.
2020 жылдың 16 наурызында коронавирус таралуына байланысты елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Саламаттың ата-анасы академия басшылығына оқу мен курсанттардың жағдайын білу үшін қоңырау шалып, жаза бастады. Алайда олар ұзақ уақыт бойы жауап бермеген, бірақ 30 наурызда курсанттардың үйге баратыны белгілі болды. Бірақ оларды үйлеріне ІІМ Академиясының есебінен жібермейтін болған - курсанттар өздері 18 адамға арналған шағын автобус жалдап (әрқайсы үшін 50 мың теңгеден), Алматыдан Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Атырау-Ақтау бағыты бойынша жолға шыққан.
Шілдеде Қазақстанда науқастар саны көбеюіне қарамастан, курсанттар академияға полигонда далалық оқу-жаттығулардан өтуге қайта шақырылған. Ол ұшақпен жетуге мәжбүр болды - тағы да өз есебінен.
Ұлы қайтыс болғаннан кейін Саламаттың достарына академияға оралғысы келмейтінін айтқаны белгілі болды, ол Орал пединститутына физика-математика бөліміне ауысқысы келген екен.
Ата-анасының айтуынша, академияның әр айына 100 мың теңге төлеу керек болған. Саламат оқыған екі жарым курс үшін шамамен 2 миллион теңге беру керек болған.
"Ол оқуға кете салысымен бірден ақша сұрай бастады. Кетер алдында біз оған бірінші рет ақша беріп, біртіндеп аз-аздан жібердік. Егер бұрын ол 10 мың теңгеге дейін сұраса, осыдан кейін ол 50 мыңнан 100 мыңға дейін сұрай бастады. Мен одан оған қандай қаражат керек екенін сұрай бастадым, ол маған қарызды қайтару керек деп жауап берді", - деп еске алады Саламаттың анасы.
Өлімі алдында ол ағасынан ақша жіберуді сұраған.
"2020 жылдың 13 желтоқсанында курсант Саламат Өтегенов асылып қалғанын хабарлаймыз. Бұл дерек бойынша Алматы қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қызметтік тергеу барысында Академия қызметкерлері мен курсанттары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер анықталған жоқ", - деді академиядағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также