1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыдағы митингілерден кейін 40 адам ауруханада жатыр

Алматыдағы митингілерден кейін 40 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы

Фото ©REUTERS

Алматыдағы митингілерден кейін 40 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша.

"40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шегуші жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар. Зардап шеккендер арсында 137 полиция қызметкері және 53 тұрғын бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен түнде Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Кешкі сағат 21.00 шамасында мыңдаған адам көшеге шығып, Республика алаңына жиналды. 

Батыс Қазақстанда газ бағасы күрт өсуіне байанысты наразылықтар басталды. 2 қаңтарда Жаңаөзен мен Ақтауда наразы адамдар көшеге шықты. Келесі күні елдің басқа қалаларында тұрғындары наразылық білдіре бастады. Ал 4 қаңтарда Алматыда демонстранттар тобы жиналды.

Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында және Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!