30 қараша 2023 | 17:14

Алматыдағы өрт: неге 13 адамды құтқару мүмкін болмады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт шыққан хостелде 13 адамды неге құтқару мүмкін болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт шыққан хостелде 13 адамды неге құтқару мүмкін болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өртсөндірушілер оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен. 10 техника мен 46 өртсөндіруші жұмылдырылған.

"Келген уақытта бәрі өздігінен шығып үлгерген. Барлау жұмыстарының нәтижесінде жертөледен 13 адамның мәйіті табылды. Жұмысты тар дәліз, тыныс алуға қолайсыз жағдай және түтін қиындата түсті. Осының барлығы өрт сөндіруді, барлауды және адамдарды құтқаруды қиындатады", - деді министр Сырым Шәріпханов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, өрт жертөле дәлізінде болған.

"Жертөледе көптеген матрастар сақталған, бұл өрт қаупін артырды. Расында да, жертөледе болғандардың құтылу мүмкіндігі өте аз болған", - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар министрі.

Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы өрттің қысқа мерзімде сөндіріліп, жойылғанын атап өтті.

"Бұл хостел бір жарым ай бұрын ешқандай рұқсатсыз жасалған. Осыған қарамастан, жалға беруші Halyk Bank бұл үй-жайды жалға берушінің қажеттіліктеріне берді. Жалға алушы бұл нысанды хостел ретінде пайдаланған. Әкім де, Төтенше жағдайлар департаменті де бұл үй-жайдың бар екені туралы ақпаратты білмеген", - деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная