18 шілде 2022 | 11:48

Алматыдағы ірі жол апатының мән-жайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
almaty_kris_p/видео кадры

Алматы Полиция департаменті өкілдері Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Полиция департаменті өкілдері Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Instagram-пабликтерінде оқиғаның видеосы пайда болды.

Полиция мәліметінше, 2022 жылы 17 шілдеде сағат 18:00 шамасында Kia Rio көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Бір кезде жүргізуші рөлді тізгіндей алмай, өтіп бара жатқан Subaru Legacy көлігімен соқтығысқан. Одан әрі соққы инерциясынан Subaru қарсы жолаққа шығып кетіп, Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Lada 21114 көлігімен соқтығысқан. Kia Rio көлігі ағашқа соғылып, аударылып қалған.

Реклама
Реклама

"Жол апаты салдарынан Kia Rio жүргізушісі зардап шекті. Сондай-ақ, Lada 21114 жүргізушісі мен Subaru Legacy көлігіндегі жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram