ТЖМ Алматыдағы ірі өрттің егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, электркөліктері бар техникалық қызмет көрсету станциясы өртенген. Күрделі өрті сөндірілді.
"Өртсөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында 9 автокөлік құтқарылып, жақын орналасқан тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автосервисте өрт шыққаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!