30 қазан 2020 17:58

Алматыдағы Саин көшесінде жол апаты болды: жаяу жүргінші қаза тапты

Алматыда жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Жаяу жүргінші Саин көшесінде белгіленбеген жерден жүгіріп өтпек болған, сол сәтте минивэн оны қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Жаяу жүргінші Саин көшесінде белгіленбеген жерден жүгіріп өтпек болған, сол сәтте минивэн оны қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарап жатыр. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty) 29 Окт 2020 в 7:37 PDT

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 29 қазанда сағат 20:00-де болғанын хабарлады. Mitsubishi Delica минивенінің 38 жастағы жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта бара жатқан. Төле би даңғылының солтүстік жағында ол 1975 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Айта кету керек, сол жерде жерасты жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан, ал жолдың өзі темір қоршаумен бөлінген", - деді Алматы ПД анықтау басқармасының басшысы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram