ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 қараша 2024 09:04
Алматыдағы сауда базарларының бірінде өрт шықты
Алматыда сауда базарларының бірінде өрт шығып, екі қабатты төрт бутик өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Алматыда Жетісу ауданындағы базарлардың бірінде екі деңгейлі төрт пластиктен жасалған бутиктер өртенді.
"Өрт орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіруге бес оқпан берді. Автоцистерналарды жақын орналасқан өрт гидранттарына орнатып, судың үзіліссіз берілуін ұйымдастырды. Өртсөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт шақырту түскен сәттен бастап 34 минутта 150 шаршы метр алаңда сөндірілді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу