02 қыркүйек 2024 | 15:17

Алматыдағы Сайын көшесінде қоқыс таситын көлік аударылып қалды

видео кадры

Алматыдағы Сайын көшесінде қоқыс таситын көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайын көшесінде қоқыс таситын көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, бұл Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысынан сәл төмен болған. Жол апатына байланысты жолдың осы бөлігінде кептеліс пайда болды.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам - жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен.

"Бұл ЖКО бүгін Алматының Алатау ауданында сағат 10:50-де болды. Iveco маркалы автокөлік жүргізушісі Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай темір қоршауға соғылып, кейін бүйіріне аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апат дерегін тексеруге кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram