24 маусым 2021 11:43

Алматыдағы субұрқақта болған төтенше жағдай: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді. 28 жастағы әйел әлі ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді. 28 жастағы әйел әлі ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқастың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі дем алып жатыр", - деді ҚДСБ өкілі.

Оқиға салдарынан зардап шеккен 8 және 10 жастағы қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр.

Реклама
Реклама

"Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, емделіп жатыр", - деп қосты ҚДСБ өкілі.

Еске салайық, 20 маусымда әлеуметтік желілерде әйел мен екі қызды субұрқақта электр тогы ұрғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл оқиғаға қатысты жазба жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram