ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 10:47
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін келтірілген шығын сомасы белгілі болды
Алматы әкімдігі өкілі қаладағы тәртіпсіздіктер кейін келтірілген шығын сомасын айтты. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі өкілі қаладағы тәртіпсіздіктер кейін келтірілген шығын сомасын айтты. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қалаға келтірілген шығын сомасы 112 миллиард теңге болады, бизнес нысандары - 67 миллиард, оның ішінде 42 миллиард шағын және орта бизнеске тиесілі. Азық-түлік сатпайтын дүкендер көп зардап шекті. Оларға келтірілген шығын сомасы 21 миллиард теңге, ал қару-жарақ дүкендеріне 6,4 миллиард теңге көлемінде залал келді. Қаржы ұйымдарының ішінде банктер, банкоматтарға келтірілген шығын 700 миллион теңге болды. Әкімшілік ғимараттар бойынша Мұхит Бақытұлы баяндады", - деді ол.
Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалада зардап шеккен 10 нысан мемлекет есебінен қалпына келтірілетінін айтты.
"243 нысанды қалпына келтіру қажет, өрт ауыздықталған жерлердегі есік әйнегін ауыстыру керек. Оның ішінде 27-сі - мемлекеттік мекеме нысаны, 216-cы - шағын және орта бизес нысаны. 27 мемлекеттік нысанның 10-ын қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, онда үлкен жұмыстар жүргізу керек. Олар - әкімдік ғимаратының 4 нысаны, "Қазақстан" телеарнасы ғимараты, Президент резиденциясы, қала прокуратурасының Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу жөніндегі басқармасының ғимараты. Сондай-ақ 6 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет: Полиция департаментінің ғимараты, Алмалы аудандық Полиция басқармасының ғимараты, фронт-офисі. "ҚазҚСҒЗИ" институттары мен "ҚазМир" АҚ қажет соманы есептеуге көмектеседі", - деп түсіндірді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также