13 наурыз 2021 18:30

Алматыдағы ұшақ апаты: қанша адам қаза тапқаны анықталды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зардап шеккен екі адам Алматы облысы Іле аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі ештеңе білмейміз. Алматы әуежайына 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Өрт сөндірілді", - деді ведомство өкілі.

"Бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына қонуға бет алған кезде Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан Ан-26 әуе кемесімен байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды, әуежайдың апат-құтқару қызметкерлері оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, борт ұшу-қону жолағының ұшында апатқа ұшырады", - делінген Алматы әуежайының Facebook-тегі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Желіде Алматыда ұшақ құлады деген хабар тараған болатын. Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери ұшақ құлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram