20 қараша 2018 | 17:03

Алматылық әйел басына мұз түсіп мерт болды: Әкімдіктегілер пікір білдірді

Камила Долаева Журналист
© Коллаж Tengrinews.kz. Куәгер жіберген сурет

Басына мұз түскен 1958 жылғы әйел жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Басына мұз түскен 1958 жылғы әйел жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 20 қарашада сағат 12.52-де болған. Марков көшесі, №75 мекенжайындағы 9 қабатты ("AdalResidence") тұрғын үйдің төбесінен мұз түскен. 

Реклама
Реклама

"Верный Выбор" ЖШС компаниясы ауланы қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жүргізген, ал мұз Марков көшесі жағынан түсті, ондағы шатыр арнайы техника арқылы мұз бен қардан тазалауды қажет етеді. 2013 жылы тұрғын үй кешені пайдалануға берілген, ​​оған "Верный выбор" ЖШС басқарушы компаниясы қызмет көрсетеді. Тұрғын үйді салған - "Эрден Компани" ЖШС", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомстводағылардың хабарлауынша, Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасындағылар учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап қар түскеннен кейін ауланы уақтылы тазартпаған, көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырындағы қар мен мұзды дұрыс алмаған 8 тұрғын үйді ("Орбита-4" ПИТК, "Біржан" ПИТК, "Благоустройство и коммунальная служба" ЖШС, "Машиностроитель" ПИТК, "Береке" ПИТК, "Надежда" ПИТК, "Матай" ПИТК, "Алмагүл" ПИТК) әкімшілік жазаға тартып, хаттамалар толтырған. Сонымен қатар, ПИК осындай оқиғалардың алдын алу үшін ауланы қар мен көктайғақтан тазарту, мұз жару жұмыстарын тұрақты жүргізеді. 

Бұған дейін полиция қызметкерлері оқиғаны жазатайым болды деп хабарлаған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная