Алматылық әйел қару ұстаған ер адамдарды видеоға түсіріп алған

видео кадры

Мылтық ұстаған ер адамдар алматылық тұрғынды үрейлендірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мылтық ұстаған ер адамдар алматылық тұрғынды үрейлендірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел оны видеоға түсіріп алып, полиция шақырған.

Оның айтуынша, екі ер адам қолдарына мылтық ұстап, жайбарақат жүрген. Жақында Мәскеуде болған теракттан кейін әйел полиция шақыруды ұйғарған.

Реклама
Реклама

Полиция келгенде, ер адамдардың бірі мылтықты қызметкерге берген. Екіншісі полицияға ешнәрсе істемегенін және ешкімге зиян тигізбегенін айтып, сендіруге тырысқан.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша тексеру жүргізілген.

"Тексеру барысында азаматтың қолында пневматикалық тапанша болғаны анықталып, оған қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады Алматы полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама