11 наурыз 2021 | 14:53

Алматылық "өрмекші адам" көпірде ер адамды қалай құтқарғанын айтып берді

Алматыда белгісіз ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған. Куәгерлер, жүргізушілер мен полиция қызметкерін елемеген ер адамды 21 жастағы жігіт құтқарып қалды. Ол өрмекші адам тәрізді жылдам қимылдап бірден ер адамның жанына жеткен. Tengrinews.kz тілшісі жас құтқарушыдан болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда белгісіз ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған. Куәгерлер, жүргізушілер мен полиция қызметкерін елемеген ер адамды 21 жастағы жігіт құтқарып қалды. Ол өрмекші адам тәрізді жылдам қимылдап бірден ер адамның жанына жеткен. Tengrinews.kz тілшісі жас құтқарушыдан болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтады.

10 наурыз күні түстен кейін Рысқұлов даңғылындағы Шемякин көшесі маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі үстінде отырған белгісіз адам көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер назарын аудартты. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына адамдар тобы жиналып, кейінірек полиция қызметкерлері келді.

Рысқұлов көшесі бойында екі бағытқа да көлік қозғалысы қиындап, даңғылда кептеліс пайда болды. Әуежайдан үйіне қайтып келе жатқан Алматы тұрғыны Самат Әнет те көлік кептелісінде қалып қойған. Жігіт ойланбастан көліктен шығып, баспалдақпен көпір үстіне одан әрі, көпір үстіндегі доға тәрізді темірге өрмелеп шыққан.

Реклама
Реклама

"Үйге қайтар жолда көпір маңындағы адамдар тобын көріп тоқтадық. Ешкім оны түсіруге тырыспады. Бәрі видеоға түсіріп, бақылап тұрды. Сондықтан оны құтқаруға кірістім. Мені көріп қоймас үшін басқа жаққа қарағанын күтіп, көпір үстіне өрмелеп шықтым", - деді Самат.

Ол шамамен бес минут бойы қолайлы сәтті күтіп отырған. Кейін ыңғайлы уақытты пайдаланып ер адамды өз-өзіне қол жұмсаудан құтқарып қалды.

"Мен жоғарыға өрмелеген сәтте төмендегі адамдар оны жерге түсуге көндіруге тырысты. Кейін ол темір бойына жатқан сәтті пайдаланып, оны ұстап алдым. Ол шамамен 30 жастағы ер адам. Үстінен ішімдік иісі шықпады", - деді Самат Анет.

"Маған оны байлау үшін арқан лақтырды. Төменде оны бес адам ұстап алды. Кейін бірден кетіп қалдым. Ешқайда асығып тұрған жоқ едім, тек назар аудартқым келмеді. Ол адамды құтқара алатынымы білдім, сондықтан сол әрекетке бардым", - деп қосты ол.

Самат Әнеттің ТЖМ "Республикалық жедел-құтқару жасағында" жұмыс тәжірибесі болғаны белгілі болды. Самат ол жерде бір жыл жұмыс істегенін, кейін 2020 жылдың басында денсаулығына байланысты жұмыстан шыққанын айтты.

21 жастағы Самат Анет. Фото жеке мұрағаттан алынған

Ол жұмыстан шыққаннан кейін де бірінші рет төтенше жағдайға тап болғанын айтты. Оның айтуынша, өткен жазда ол кездейсоқ Президент саябағы жанынан өтіп бара жатып, екі көлік соқтығысып қалғанын көрген. Ол ойланбастан жанып жатқан көлік ішінен жүргізушін алып шықанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная