14 қаңтар 2022 | 17:57

Алматылықтарды ЖЭО-2 құбырынан шыққан қара түтін шошытты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы тұрғындарын қалалық ЖЭО-2 құбырынан шыққан қалың қара түтін шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындарын қалалық ЖЭО-2 құбырынан шыққан қалың қара түтін шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 14 қаңтарда болған. "Алматы Арена" мұзайдыны маңында орналасқан Alatau city ТК тұрғындарының бірі пәтерінің терезесінен түтін шығып жатқан ЖЭО-2-ні көрген. Сонымен қатар, түтін қалың қара түсті болған. 

"Мына ЖЭО қара түтінге оранды. Қандай сұмдық?! Қазір бұл түтін бүкіл қалаға таралады", - делінген видеода.

Реклама
Реклама

Кейбір желі қолданушылары видео авторының пікірімен келісіп, өз пікірлерін де білдірді.

"Мына мәселені көтеру керек. Түптеп келгенде, бұл денсаулыққа зиян", - деп жазды бір қолданушы. 

"Иә, шынында да. Қалаға барсақ, ауырамыз. Бармауға тырысамыз. Ауылда ауа жақсы, таза", - деді тағы біреуі.

"Осы ЖЭО-ға жақын маңда экобекет бар. Ол көліктерден шығатын газ миллиграммын тексереді", - деді пікір білдіргендердің бірі. 

Алайда басқаша пікір білдіргендер де табылды.

"Бұл ЖЭС біздің үйлерді жылытады. Неге батареялар қызып кетті деп ойлайсыз", - деп сұрақ қойған желі қолданушысы.

"Шағымдануға қалай шаршамайсыздар? Бәрін түсіріп, бақылап отыруға қайдан уақыт табасыз? Балаларыңызбен ойнаңыз, басқа іспен айналыссаңызшы. Үйде отырсыз, ал біз дәл сол жерде жұмыс істейміз. Әлі өле қойған жоқпыз. Сізге қызығамын: болмайтын дүниемен айналысып отырасыз", - деп жазған тағы бір желі қолданушысы.

"Бұл күндері қалада көлік аз болды, ауа бірден тазарып қалды. Карантиннен кейін мұның бәрі ЖЭО-дан деп кім айтады? Оның оған не қатысы бар? Бәрі көліктен", - дейді төртіншісі.

Барлық қалалық жылу электр станциясының жұмысын қадағалайтын "Алматы жылу желілері" серіктестігі шағымға қатысты жауап берді.

"ЖЭО-2-де жеті қазандық бар, біреуі қосымша. Қосымша қазандық қондырғысын жағу үшін мазут пайдаланылды, соның салдарынан газ түтіні қарайып кеткен. Сонымен қатар, шығарынды заңда рұқсат етілген норма шегінде қалады", - деді компания өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная