Алматылықтарды көпқабатты үйлердің арасынан көрінген қою қара түтін алаңдатты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматы тұрғындарын көпқабатты үйлердің үстінен көрінген қою қара түтін алаңдатты. Алмалы ауданында жеке үй өртенгені белгілі болды. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, Варламов көшесінде жеке үй өртеніп жатыр.

Куәгердің суреті

Реклама
Реклама

"ТЖД күштері мен құралдары жеке үйді шарпыған өртті сөндіріп жатыр. Оттың көрші құрылыстарға тарау қаупі бар. Жақын маңдағы гидрант жанып жатқан үйден 100 метр жерде орналасқан. Оқиға орнына жеке құрамнан 50 адам және 4 техника жіберілді", – деп хабарлады ведомство.

Алматы ТЖД фотосы

Баспасөз қызметі өрттің 15:48-де оқшауланағанын мәлімдеді.

"Құрылыс ерекшеліктері жалынның тез таралуына әсер етіп, бұл қосымша қиындықтар туғызды", – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 16:15-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама