Алматыны қалың тұман басты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет Tengrinews.kz/Святослав Антонов

Алматыны қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыны қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар бүгін түстен кейін қаладағы қалың тұманды суретке түсіріп, жариялай бастады. Тұрғындардың айтуынша, көшелерде ештеңе дұрыс көрінбейді.

Реклама
Реклама

9 желтоқсанда Алматыда тұман мен көктайғақ болатыны туралы ескерту жарияланған еді.

Алматы әуежайы мәліметінше, метеожағдайға байланысты өзгерістер жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Сурет:Tengrinews.kz/Святослав Антонов 

Синоптиктер мәліметінше, 9 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт болады. Сонымен қатар, түнде және таңертең қар, тұман және көктайғақ болуы мүмкін екені айтылды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 3 және 5 градус аяз, күндіз 1 градус аяз және 1 градус жылы болады.

Сурет: Асылкөз Теңізбай

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілер мен қала тұрғындарына ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жасаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама