Алматыны түтін басты: өрт орнындағы жағдай қандай?

Видео кадрлары

Алматы құтқарушылары қаланы түтін басуға себепші болған өрт орнын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы құтқарушылары қаланы түтін басуға себепші болған өрт орнын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өртсөндірушілер Жетісу ауданында орналасқан ламинат және басқа да құрылыс материалдары сақталған ангар үлгісіндегі қойманы видеоға түсірді. Өрт 25 тамызға қараған түні шыққан.

Реклама
Реклама

ТЖД мәлеметінше, өрт туралы ақпарат сағат 01:36-да түскен. Оқиға орнына жеткенде ангар типті қоймада өрт шыққанын анықтаған. Жоғары температура әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі болған.

Өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, көрші қоймаларды қорғап, температурасын салқындату мақсатында оқпандар енгізілді, конструкцияларды ашу жүргізілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесіне байланысты қиындады.

Естеріңізге сала кетейік, қоймада шыққан ірі өрт салдарынан қаланы түтін басты. Алмалы, Бостандық және Әуезов аудандарының тұрғындары күйіктің қатты иісіне шағымданды. Қала тұрғындарының айтуынша, улы иіс мегаполистің орталық бөлігінде қатты сезіледі. Кейінірек алматылықтардан түтінге байланысты маска тағуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама