ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 16:36
Алматының әл-Фараби даңғылында бетон араластырғыш көлік аударылды
Алматыда келеңсіз жағдайда бетон араластырғыш көлік аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда келеңсіз жағдайда бетон араластырғыш көлік аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 4 қазанда түстен кейін Жароков көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларға қарағанда, ауыр жүк көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан. Алайда жолдың туннель бөлігіне кіріп келе жатып, жүк көлігі аударылып кеткен. Бұл апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Шамамен бір сағат өткен соң оқиға орнына екі кран барды. Олар бетон араластырғышты көтерді. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнында болып, сол сәтті видеоға түсірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также