20 қыркүйек 2024 | 14:37

Алматының орталығында дрифт жасаған BMW жүргізушісі видеоға түсіп қалды

видео кадры

Алматыда полиция қызметкерлері автоматтандырылған жүйелерден түсірілген бейнежазбаны қарау аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған және азаматтардың тыныштығын бұзған құқық бұзушыны анықтап, жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіп бұзушы 21 жастағы тұрғын болып шықты. Ол тәртіпбұзушылықты түнгі бірде BMW көлігімен Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында жасаған.

"Жол қозғалысы ережесін бұзған адамға бес құқық бұзушылық дерегі бойынша хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда ұсақ бұзақылық, қауіпсіздік белдігін тақпау, дұрыс емес жерден бұрылу, жолдың бетін зақымдау және түнгі уақытта тыныштықты бұзу. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram